8 сәуір мен 8 мамыр аралығында қалада «Алматы — біздің ортақ үйіміз» науқаны өтеді.

8 сәуір мен 8 мамыр аралығында қалада «Алматы — біздің ортақ үйіміз» науқаны өтеді. Мегаполистің барлық ауданын қамтитын науқанға Алматының әрбір тұрғыны мен қонағы қатыса алады.

Басты мақсат — қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.

 

Науқанды өткізу кезеңдері:

1. «Біздің қала — біздің көшелер» (8-14 сәуір)

2. «Біздің қала — біздің аула, біздің үй» (15-21 сәуір)

3. «Біздің қала — біздің тау, өзен мен көлдер» (22-28 сәуір)

4. «Біздің қала — біздің мақтаныш» (29 сәуір — 8 мамыр)

 

Науқан барысында атқарылатын жұмыстар:

— Павильонды, бағдаршамды, өткелді, қоқыс жәшігін, орындықты, ескерткішті жуу мен жөндеу.

— Саябақты, көшені, тротуарды, арық желісін тазалау.

— Жарық нүктесі мен маңдайшаны жаңғырту, ағаш отырғызу.

Толығырақ almaty.kz сайтында.

Науқанға атсалысыңыз, Алматыны көркейтейік, одан әрі әсемдейік!

#АлматыБіздіңОртақҮйіміз#БізКөппізҚалажалғыз.