Қайғылы жаңалық

Құрметті әріптестер, бүгін біздің Алматы қаласы ҚДСБ «Медициналық жедел жәрдем қызметінің» ең үздік маманы, аға дәрігері, тәлімгері, тамаша әріптесі Лазарев Александр Юрьевич өмірден өтті.

2023 жылдың 01 қарашасында таңертең сағат 9.00-де медициналық жедел жәрдем бригадасы Александр Юрьевичті қалалық жедел жәрдем ауруханасының реанимация залына   ми қан айналымының жіті бұзылуы диагнозымен жеткізді. Тексеруден, консультациядан кейін: Мидың ішіне кортикалды қан құйылу диагнозы қойылды. Осы уақыт аралығында МЖЖҚ әкімшілігі мен ұжымы әріптестерін назардан тыс қалдырмай, жан-жақты көмек көрсетті.

Александр Юрьевич өзінің «Медициналық жедел жәрдем қызметінде» еңбек жолын 1995 жылдың 4 қыркүйегінде бастап, 29 жыл жұмыс істеді. Кәсіби жұмыс тәжірибесі әртүрлі лауазымдарда басталды: қарқынды терапия бригадасының дәрігері, қосалқы станция меңгерушісі, медициналық бөлім жөніндегі орынбасары және бас дәрігердің міндетін атқарушы. Соңғы жұмыс орны: 28.08.2021ж. бастап ақпараттық-жедел диспетчерлік бөлімінің аға дәрігері.

Жұмыста да, өмірде де әрдайым зор жауапкершілік, мейірімділік танытты, өз көмегін үздіксіз көрсетті, барлық іс-шараларға белсене қатысты және ешқашан зиянды әдеттері болмаған, керісінше велоспортпен шұғылданды.

Ұжымда әрдайым жоғары құрмет пен сыйға ие болды.

Әрбір жұмысшының жүрегінде Александр Юрьевич тамаша әріптес ретінде қалады.

Алматы қаласы ҚДСБ «Медициналық жедел жәрдем қызметінің» директоры Арман Серикбаевич Тойбеков, әкімшілік пен ұжым Александр Юрьевичтің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.