Алматы қаласының Медициналық жедел жәрдем қызметінің директоры Тойбеков Арман Серікбайұлы «Үздік қызметкер» төсбелгісімен марапатталды.
30 апреля, 2026
Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем қызметінің директоры Тойбеков Арман Серікбайұлы Қазақстанның жедел медициналық жәрдем қауымдастығының «Үздік қызметкер» төсбелгісімен марапатталды.
Марапат Арман Серікбайұлына жоғары кәсібилігі, денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан елеулі үлесі, жедел медициналық жәрдем қызметін тиімді ұйымдастыруы және қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін табысталды.
Арман Серікбайұлының басшылығымен Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем қызметі қарқынды дамып келеді. Қызмет сапасы тұрақты түрде жақсарып, шұғыл медициналық көмектің қолжетімділігі мен жеделдігі артып, материалдық-техникалық база нығайтылуда. Сонымен қатар, қызмет жұмысын ұйымдастырудың заманауи тәсілдері енгізіліп, медицина қызметкерлерінің тиімді еңбек етуіне қолайлы жағдай жасалуда.
Бұл марапат Арман Серікбайұлының ұзақ жылғы қажырлы еңбегі мен кәсіби біліктілігінің, жауапты басшылығының және еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесінің лайықты бағасы.
Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем қызметі ұжымы Арман Серікбайұлын жоғары марапатымен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, толағай табыс және игі бастамаларының әрдайым жемісті болуына тілектестік білдіреді.