Алматыда медицина қызметкерлері арасында алғаш рет қалалық спартакиада өтті
15 июня, 2026
Медицина қызметкерлері күніне орай Алматы қаласында алғаш рет медицина қызметкерлері арасында қалалық спартакиада ұйымдастырылды. Ауқымды спорттық іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, медицина қызметкерлері арасындағы корпоративтік бірлікті нығайту және бұқаралық спортты дамыту.
Спартакиада бағдарламасына шағын футбол, волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және бильярд сияқты спорт түрлері енгізілді. Қатысушылар өзара бақ сынап, жоғары дайындықтары мен жеңіске деген жігерлерін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша шағын футболдан Алмалы ауданының құрама командасы жеңімпаз атанып, І орынды иеленді. Команда құрамындағы Ербол Кожабеков, Қазыбек Хамитов және Дастан Бекмұрзаев алтын жүлдені жеңіп алды.
Тоғызқұмалақ сайысында №10 жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясының қызметкері Еркебұлан Қожаназаров жоғары нәтиже көрсетіп, ІІ орынды иеленді.
Қалалық спартакиада медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметпен қатар спорт пен салауатты өмір салтын ұстануға ерекше көңіл бөлетінін тағы бір мәрте дәлелдеді. Ұйымдастырушылар бұл бастаманың алдағы жылдары дәстүрлі түрде жалғасатынына сенім білдірді.