«Жас құтқарушы» спорттық жарыстар

DSC 0287

04 мамыр күні Кіші Алматы шатқалында «Жас құтқарушы» 13-спорттық жарыстар қатысушалыраның слеті болды.

Алматы қаласының 8-10 сынып оқушылары жарыстардың түрлі кезеңдерінде физикалық, психологиялық, медициналық дайындықтың жақсы көрсеткіштерін көрсетті. Жыл бойын жоғарғы сынып оқушылары түрлі төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер, сондай-ақ мүмкін зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша дайындықтан өтті, аудандық жарыстарға қатысты.

Жарыстар Алматы қ. Білім беру Басқармасымен, Алматы қ. төтенше жағдайлар жөніндегі Департаментпен, «Жас саяхатшылар Станциясы»  МКҚК және Алматы қ. әкім аппаратының құтқару Қызметімен ұйымдастырылды және өткізілді.

Медициналық сүйемелдеу Алматы қ. денсаулық сақтау басқармасының «Медициналық жедел жәрдем Станциясы» бригадасымен қамтамасыз етілді. Жарыстың барлық кезеңдерінде қауіпсіздік «109» Қызметінің құтқарушыларымен қамтамасыз етілді. Топтар үшін трассадан өту бірнеше сатыдан тұрды, ол жерде әрбір қатысушыға өзінің білімдерін, дағдыларын және альпинистік дайындықтағы, іздеу-құтқару жұмыстарындағы, өрт эстафетасындағы, зардап шеккенге алғашқы медициналық көмек көрсетудегі білімдерін және, әрине топта жұмыс істеу қабілеттерін көрсету керек болды.

Жүлделі орындарға Түрксіб ауданының №142 мектеп командасы -  III орын, Жетісу ауданының №102 мектеп командасы - II орын және Наурызбай ауданының №188 мектеп командасы - I орынға ие болды.

Құтқарушылардың жұмысымен таныстыру үшін техника мен арнайы жабдықтар көрсетілді. Қатысушылардың әрқайсысы тәжірибелік түрде құтқару құралдарымен таныса алды.

Өткізілген конкурстардың соңында жүлделер мен барлық қатысушыларға сыйлықтар берілді.

Алматы қ. денсаулық сақтау басқармасының

ШЖҚ «Медициналық жедел жәрдем Станциясы» МКК

Баспасөз қызметі