Алматы қаласы «103» қызметінің № 7 қосалқы станциясының аға дәрігері оқушыларға интерактивті сабақ өткізді

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының «Медициналық жедел жәрдем станциясы» № 7 қосалқы станциясының аға дәрігері Манарбек Елеусиз Алматы қаласы мектептерінің оқушыларына арналған интерактивті сабақ өткізді.

Бұл жолы оқушылар көктайғақ кезінде өздерін қалай ұстау керектігін, қандай аяқ киім кию керектігін және жарақат алған жағдайда не істеу керектігін білді. Жіті респираторлық вирустық жұқпалар ауруларының маусымдылығын ескере отырып, Манарбек Елеусіз балаларға алдын алу шаралары туралы айтты. ЖРВИ-дің ауыр түрлерінен қорғану үшін вирустық инфекцияға қарсы вакцинамен алдын ала егуді жасатып, өз ағаңызды, иммунитетті нығайту қажеттігін ол үшін витаминдер қабылдап, ауырған адамдармен қарым-қатынасты шектеп, бөлмені жиі желдету қажеттігін түсіндірді.

Бірақ егер аурып қалған жағдайда, онда өзін-өзі емдеуге болмайды. Және, әсіресе, ауруды аяқтан тік жүріп тасымалдауға болмайды. Ауыр асқынулар болуы мүмкін. Сондықтан, ЖРВИ алғашқы симптомдарында, бұл: қалтырау, бұлшық еттердің ауыруы, бас ауруы, әлсіздік, дене қызуының жоғарылауы, мұрынның бітелуі немесе шырыш бөлінуі, тамақтың ауыруы, көзден жас ағуы, қақырықтың бөлінуімен бірге құрғақ ұстамалы жөтел болуы мүмкін, ондай жағдайда дереу дәрігерге қаралыңыз. Және олар тағайындаған барлық ұсыныстарды қатаң орындаңыз.

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы

ШЖҚ «Медициналық жедел жәрдем станциясы» МКК

Баспасөз қызметі