103 ... S.O.S. Дәрігерді кім қорғайды?

103 ... S.O.S. Дәрігерді кім қорғайды?
Бұрын біз "Біздің қызмет қауіпті және қиын ..." атты жарияланымда шақырту кезінде бригадамен қандай "тосынсыйлар" болуы мүмкін екендігі туралы жаздық. Тәулігіне 2500 шақырудың біреуінде жарақат алу қаупі болуы мүмкін!
Мысалы ретінде, біздің фельдшермен болған жағдай. Шақыруға келіп, бригада процедуралар регламенты бойынша барлық қажетті рәсімдерді жүргізді, бірақ пациент фельдшерден өзінің үй дәрі қобдишасындағы препаратпен инъекция жасауды талап ете бастады, бас тартқан соң – итеріп жіберді және оны ұрды.
Нәтижесінде: ОҚКА-ға жатқызылды, өндірістік жарақат және еңбекке жарамсыздық парағы. Полицияға арыз берілді.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР ДСМ 30.11.2020 ж. № ҚР ДСМ-225/2020 Бұйрығының 19-тармағына сәйкес, ЖМЖ бригадасы дәрілік заттарға рецепт жазбай, еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы парақтарды бермей, қайтыс болу фактісін куәландыруды жүргізбей және қайтыс болу туралы қорытынды бермей, алкогольдік және есірткілік мас болу мәніне куәландыруды жүргізбей шақыруға қызмет көрсетеді.
Сонымен дәрігерлерді агрессиядан кім қорғайды?
 
278367564_1181721769248896_5949189919578686887_n.jpg