Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары

347260882_749538717171864_1564170495823901502_n.jpg

347586436_749538720505197_1298194977554970908_n.jpg

Құрметті Оңтүстік Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары, егер Сіз Алматы қаласының «Медициналық жедел жәрдем қызметінің» диспетчерлеріне 103 нөмірі бойынша хабарласа алмаған жағдайында, Сіз қай жерден қоңырау шалып жатқаныңызға назар аударыңыз қажет Мысалы, егер мұндай жағдай мемлекеттік мекемеде немесе жеке ұйымның аумағында орын алса және стационарлық аппараттан 103 нөмірін теру кезінде қоңырау шалу жүзеге асырылмаған жағдайда, онда әдетте 103 нөмірін теру алдында 9 префиксін басу қажет. Көптеген ұйымдарда нөмірді теру "9"префиксі арқылы жүзеге асырылады.
9103-жедел медициналық көмек;
9102-полиция;
9101 - өрт қауіпсіздігі қызметі.
Бірақ, кейбір өндірушілердің ұялы телефондарынан 103 теруі 9 префиксі арқылы кодталған, сондықтан кей жағдайларда жедел жәрдем қызметін шақыру 9103 нөмірі бойынша жүзеге асырылады.
Екінші жағдайда, көптеген қоңыраулар автоматты түрде төтенше жағдайлар департаменті-112 бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметінің телефон нөміріне бағытталады.
"Beeline" ұялы компаниясының ресми ақпаратына сәйкес, бағыттаудың себептерінің бірі – Қытайда жасалған смартфондар болуы мүмкін. https://beeline.kz/ru/events/news/call4life.html
"Кейбір танымал Қытай брендтерінің мобильді құрылғыларынан жедел медициналық көмекке (103), полицияға (102), өрт сөндіру қызметіне (101) және газ апаттық қызметіне (104) қоңырау шалу мүмкін емес. Барлық қоңыраулар автоматты түрде төтенше жағдайлар департаменті-112 бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметінің телефон нөміріне жіберіледі”.
Естеріңізге сала кетейік, жақын арада шұғыл қызметтердің телефон нөмірлеріне ресми өзгерістер енгізілмейді, өзгеріс болған кезде Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты барлық БАҚ-та, интернеттің әлеуметтік желілерінде және Қазақстан Республикасындағы ұялы компаниялар абоненттерінің ұялы нөмірлеріне хабарлама арқылы алдын ала жариялайды!