Алматы қ. ҚДБ "Медициналық жедел жәрдем қызметінің" (МЖЖҚ) қабылдау бөлмесіне...

WhatsApp Image 2023-08-08 at 14.55.37.jpeg       WhatsApp Image 2023-08-08 at 14.55.36.jpeg

Алматы қ. ҚДБ "Медициналық жедел жәрдем қызметінің" (МЖЖҚ) қабылдау бөлмесіне біздің екі пациенттен 10 қосалқы станция дәрігерлеріне екі Алғыс хат келіп түсті.
2023 жылғы шілде айының басында М.Татьяна А. Средная көшесінен 103 нөміріне жұбайына медициналық жедел жәрдем (МЖЖ) шақырту жасады. Бұл жерге № 10 қосалқы станцияның 81 бригадасының қызметкерлері Г.Абизенова мен Д.Алаев келді, олар пациентке уақытында медициналық көмек көрсетті. Кәсіби және тез көрсетілген медициналық көмек үшін М.Татьяна алғысын білдіреді.
1 тамызда Алатау (АЯФ) шағын ауданының тұрғыны Ш.Натальяға бронх демікпесінің ұстамасымен шақыруға, сол № 10 қосалқы станциядан, 10 бригада келді дәрігер Ч.Ибадуллаев пациентті қарап, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Медициналық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес ол барлық қажетті процедураларды кәсіби түрде жүргізді: қантты, қан қысымын және қанықтылығын өлшеді, сондай-ақ әлсіз көрінетін тамырларға вена ішіне инъекция енгізді. Ш.Наталья біздің тұрақты пациентіміз болып шықты, ол үнемі МЖЖ бригадасын шақырады, онда МЖЖ қызметкерлері оның өмірін бірнеше рет құтқарды. Науқас Ш.Наталья Алматы қ. ДСБ МЖЖҚбарлық қызметкерлеріне оңай емес еңбектері үшін шын жүректен алғысын білдірді.